Автобиография Рамазанова Самал Әмірғалиқызы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ. Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының аға оқытушысы. Рамазанова Самал Әмірғалиқызы 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих, археология және этнография факультетінің -”Тарих” мамандығын тәмамдап, осы жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасына оқуға түсіп, оны 1999 жылы ”Жоғары мектеп педагогикасы” мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ол 1999 жылы аталмыш университеттің жалпы және этникалық педагогика кафедрасына аспирант болып қабылданып /оқу түрі-сырттай/, 2002 жылы аяқтады. 2001-2002 оқу жылында Бағалау институтына оқытушылық қызметке орналасып ”Психология және педагогика” пәнінен дәріс оқыған. 2002 оқу жылынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тте оқытушылық қызметін атқаруда. Рамазанова С.Ә. осы аралықта ”Жоғары мектеп педагогикасы”, ”Әлеуметтік педагогика”, ”Мамандыққа кіріспе”, ”Мектеп педагогикасы”, ”Этнопедагогика”, ”Гендерлік білім беру мәселелері”, ”Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестіктерінің туу мен дамуы”, ”Мектеп педагогикасы және қазақ этнопедагогикасы”, ”Педагогика”, ”Жас ерекшелік педагогикасы” пәндері бойынша оқытушылық қызметін атқарды. ”Этнопедагогика” мамандығы бойынша тест құрастырушы, оқу-әдістемелік кешенінің авторларының бірі. Дәрісті жүргізу барысында жаңа технологияны енгізе отырып, интербелсенді әдісті және әр түрлі педагогикалық жағдаяттарды қолданды. Философия және Саясаттану факультетінде 2 курс магистранттарына ”дөңгелек стөл”- дарынды, білімді жастар мәселесі төңірегінде ашық семинар сабағын өткізді. Осы уақыт аралығында өзін арнайы мамандандырылған оқытушы-зерттеуші ретінде көрсете білді. Үнемі халықаралық, республикалық, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, сонымен бірге конференцияға қатысушы студенттерге жетекшілік етіп студенттер алдынғы орынға ие болды. Жоғары мектепте тәрбие беруде, оқытуда, ғылыми жұмыстары бойынша 35-ге жуық мақала жазылды. сондай-ақ ”Қазақтың ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы”/ ХХғ. 20-30ж.ж./ атты кандидаттық диссертация. Университеттің қоғамдық өмірінде белсенділік таныта араласады, кафедраның 4-курс студенттеріне куратор-эдвайзер міндетін атқаруда. Тәрбиелік кәсіби бағдарды ұйымдастыруда ретіне қарай өзіне кепілдеме бере алады.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1999
Интересы

Документы автора

0

Цитирования
0 по 0

документам

h-индекс

0